Президенттің тапсырмасы орындалды: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

30 Желтоқсан 2024, 10:48
311
Бөлісу:
Президенттің тапсырмасы орындалды: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды
PHOTO
Фото: Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Орал қаласында заманауи көпфункционалды спорт кешенін салуды тапсырған болатын. Нәтижесінде тиісті жұмыстар жүргізіліп, спорт нысаны салынып бітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Спорт кешенінің ашылуына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев, Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ ,асқарма төрағасы Асхат Хасенов, «BI Group» холдингінің бас директоры Асхат Омаров, спорт ардагерлері мен спортшылар және қала тұрғындары қатысты.

Батыс Қазақстан облысыының әкімі Нариман Төреғалиев аталған спорт кешені Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға септігін тигізетінін атап өтті.

Президенттің тапсырмасы орындалды: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

Президентіміз Ұлт денсаулығын нығайту жолында бұқаралық спортты дамытуды және тұрғындарымыздың спортпен еркін шұғылдануына барынша жағдай жасау қажеттігін атап өткен болатын. Осы ретте, ашылып отырған заманауи спорт кешені - алдағы уақытта өңір тұрғындарының, әсіресе жастардың спортпен шұғылдануына таптырмас орын болады. — деді облыс әкімі.

Президенттің тапсырмасы орындалды: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

Оралдағы жаңа спорттық-сауықтыру кешені болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін орталық ғана емес, сондай-ақ тұрғындар спортпен шұғылдана алатын орынға айналмақ. ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз қызметін жүргізетін өңірлерінде әлеуметтік жобалар, соның ішінде мектептер, балабақшалар, медициналық мекемелер мен спорттық-мәдени нысандар салу бойынша жұмысты белсенді жүзеге асырып келеді. Бұл бағыттағы жұмыс азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жалғасын табады, - деді ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.

Жаңа спорт ғимаратында волейбол, баскетбол, футзал қол добы, бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо, садақ ату, үстел теннисі, жүзу, шыңға өрмелеу сынды спорт түрлерімен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған.

Президенттің тапсырмасы орындалды: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

Біз өте қуаныштымыз. Осындай заманауи спорт кешені ашылды. Енді жаттығуларымызды тек осында өткіземіз. Кең әрі ыңғайлы ғимарат. Жастарға қолдау білдіріп отырған Президентімізге шынайы алғысымызды білдіреміз. — деді жас спортшы Абзал Маратов.

Жобаны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржыландырды, құрылыс жұмыстарын «BI Group» компаниясы жүргізді.

Президенттің тапсырмасы орындалды: Орал қаласында заманауи спорт кешені ашылды

Бұл жоба — Батыс Қазақстан облысының спорттық әлеуетін нығайтуға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға жасалған тағы бір маңызды қадам.

Айта кетерлігі, Батыс Қазақстан облысында екі жылдың ішінде 8 спорт нысаны қолданысқа берілген. Сондай-ақ, 2025 жылы тағы
10 нысан салу жоспарда бар.

Өзгелердің жаңалығы