Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді.
Сонымен қатар ол Президент құрған заңгерлер мен ғалымдардан тұратын жұмыс тобы Конституцияға түзетулер жобасын ұсынғанын алға тартты.
Конституцияның 91-бабына сәйкес түзетулер жобасын Конституциялық Кеңес қарастырып, ағымдағы жылғы 4 мамырда түзетулер бойынша оң қорытынды берді. Өз кезегінде, Конституцияның 91-бабына сәйкес Конституцияға түзетулерді қабылдаудың 2 жолы бар: республикалық референдум арқылы немесе Парламент арқылы. Президент бірінші жолды – референдумды таңдады, өйткені дәл осы жол демократиялық институттардың дамуын көрсетеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.
Вице-министр өз сөзінде референдумның не екенін түсіндірді.
Референдум дегеніміз не екеніне тоқталсам, бұл Конституцияға өзгерістер енгізу қажеттігі бойынша бүкiлхалықтық дауыс беру рәсімі. Мұндай рәсім мемлекетіміздің өмiрiнiң өзге де неғұрлым маңызды мәселелерiне арналған шешiмдердiң жобалары бойынша да өткізілуі мүмкін. Қазір Орталық сайлау комиссиясы референдумға қатысуға құқығы бар адамдардың тізімін жасақтауда, - деді Алма Мұқанова.
Айта кетейік, референдум республиканың бүкiл аумағында 5 маусым күні өтедi деп жоспарлануда. Референдумға елдің кәмелетке толған азаматтары қатыса алады.