Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

16 Қараша 2025, 17:18
322
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Мемлекет басшысын «Ташкент-Хумо» әуежайынан Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.

Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапармен барды.

Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Қазақстан мен Өзбекстан басшылары сауда, өнеркәсіптік кооперация, көлік, энергетика және су-энергетика салаларындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту мәселелерін талқылаған болатын. 

Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды
Президенттің Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Жоғары Мемлекетаралық кеңес аясында бірқатар шешімдер қабылданды. Соның ішінде Өңірлер басшылары кеңесін құру, сирек және сирек кездесетін жер металдары бойынша жұмыс тобын қалыптастыру, трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау жөніндегі бірлескен тетікті іске қосу бар.

Ташкентке бес ел көшбасшыларының келуі аймақ үшін диалог пен ынтымақтастықтың маңызын тағы бір дәлелдейді. Ислам өркениеті орталығында өңірлік қауіпсіздік, экономикалық әріптестік және мәдени байланыстардың өзекті мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII консультативтік кездесуіне қатысты.

Өзгелердің жаңалығы