Президенттің 1 мерзімге ғана сайлануы биліктегі монополияны жоюға негіз болады – депутат

23 Қыркүйек 2022, 12:11
1292
Бөлісу:
Президенттің 1 мерзімге ғана сайлануы биліктегі монополияны жоюға негіз болады – депутат

Еліміз үшін жаңа әрі маңызды мақсаттарға жетелейтін ертеңгі күннің негізгі бағдарына айналар кезектен тыс Президент сайлауы – 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сайлаудың негізгі мақсаты – қоғамның жаңа саяси моделін орнықтыру, халықтың көптен күткен саяси трансформациясын жүзеге асыру. 

Бүгінгі таңда, халықаралық кеңістікте бірнеше қақтығыстар болып жатыр. Әсіресе посткеңестік кеңістікте орын алып жатқан жағдайларда еліміздің тұрақтылығын және тұтастығын, оның сыртқы және ішкі сын-қатерлерге мойымай, төтеп беруі қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық трансформациясына тікелей байланысты. Бұл жағдайлар жедел шараларды қабылдауды талап етеді. Ең бастысы, халық бірлігін нығайту, азаматтық қоғамды және билікті үйлесімді әрекет етуіне ықпалдастыру, - дейді Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова.

Әлеуметтік-экономикалық салада басталған және жүргізіліп жатқан халықтың жаңдайын көтеруге бағытталған  реформаларды нәтижелі түрде жүзеге асыру. Кезектен тыс Президенттік сайлаудың негізгі мән-мақсаты осы факторлармен тығыз байланысты.

Президент 1 мерзімге ғана сайланады. Бұл – биліктегі монополияны жоюға негіз болады. «Әділетті Қазақстан» құру жолында халықтың жаңдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік реформалар толыққанды әрі нәтижелі жүзеге асыру үшін халықтың Президентке жаңа сенім мандаты қажет. Жаһандық саясаттың күрделі кезеңінде Президентті демократиялық жолмен сайлау халықты мемлекетшілдік мүддеге ынтымақтастыруға және халықты біріктіруге бағытталған. Сайлау елімізде жүзеге асырылған Конституциялық реформалардың қорытындыларын бекітеді және әлеуметтік-экономикалық саладағы реформаларды жалғастырып, нәтижелерін айқындайды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы