Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы 9 маусымда өтетін кезектен тыс Президент сайлауына үміткерлер арасындағы теледебат тікелей эфирде өтуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев тілішілерге берген сұқбатында айтты.
«Менің білуімше, Қазақстанда Президент сайлауына түсетін үміткерлер арасында теледебат өтеді және ол тікелей эфирде ұйымдастырылады. Қалғанын толығырақ кейін білетін боласыздар», - деді Дәурен Абаев.Соңғы рет президенттікке үміткерлер арасында тікелей эфирде теледебат 2005 жылғы сайлаудың алдында ұйымдастырылған.
Айта кетейік, биылғы кезектен тыс Президент сайлауы 9 маусымға жоспарлаған. Ресми түрде 7 кандидат тіркелді. 11 мамырда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті.