Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен барлық талапқа сай – ОСК

Олжас АДАЙ
8 Қазан 2022, 16:59
1541
Бөлісу:

Орталық сайлау комиссиясы «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығынан атынан үміткер Мейрам Қажыкенді президенттік кандидатураға сай екенін хабарлады. ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссияның отырысында осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттікке кандидат Мейрам Зекешұлы Қажыкеннің ҚР Конституциясында және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Мейрам Зекшұлы Қажыкеннің Конституцияда және Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы ҚР Конституциялық Заңында оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады, - деп мәлімдеді ОСК төрағасы Әбдіров.

Өзгелердің жаңалығы