Президенттік клиника басшысы қайтыс болды

3 Ақпан 2019, 14:27
2408
Бөлісу:
Президенттік клиника басшысы қайтыс болды

Астана, baq.kz. Президент Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының директоры Әмір Ахетов қайтыс болды.


Бұл жайында Президент Іс басқармасы хабарлады.

Әмір Амантайұлы Ахетов Президент Іс басқармасы жүйесінде 10 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеген. Ол түрлі жылдары «Алматы» және «Оқжетпес» шипажайларын, Орталық клиникалық аурухана мен Медициналық орталық ауруханасын басқарған.

Әмір Ахетов  - Медициналық ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының профессоры. Ол ұзақ өмір сүру саласында еңбектеніп, мемлекеттік сыйлық лауреаты атанған.
Өзгелердің жаңалығы