Президентті жеті жылға сайлау туралы норма бекітілді

7 Қараша 2022, 12:49
1441
Бөлісу:
Президентті жеті жылға сайлау туралы норма бекітілді

Әділет министрінің орынбасары Алма Мұқанова Президент құзіретін шектейтін заң нормалары туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы 16 наурыздағы халыққа Жолдауында саяси институттарды жаңарту мәселесін көтерді. Атап айтқанда, президенттің бірқатар өкілеттігін қысқарту, Парламентті күшейту және оны қалыптастыру моделін өзгерту ұсынылды. Сонымен қатар сайлау жүйесін жетілдіру және мемлекеттің құқық қорғау институттарын күшейту керектігі айтылды. Реформаны толыққанды жүзеге асыру үшін алты заң қабылданды. Алдымен президент өкілеттігіне қатысты түзетулер. Президенттің жергілікті атқарушы органдар мен жоғарғы сот кеңесіне қатысты жекелеген өкілеттігі мен Парламент Сенатындағы «президенттік квота» қысқартылды, - деді Алма Мұқанова.

Айтуынша, президенттің жақын туыстарына лауазымды қызмет атқаруға шектеу енгізілген.

Сол сияқты Парламент Сенатының депутаттарын, Конституциялық және жоғары сот кеңесінің төрағаларын тағайындау жөніндегі Президенттің өкілеттігін өзгертуге қатысты нормалар көзделген. Президенттің қайта сайлау құқығынсыз жеті жыл мерзімге сайланатындығы туралы Конституцияның жаңа ережелеріне сәйкес келтіруге бағытталған нормалар бекітілді, - дейді Мұқанова орталық коммуникациялар алаңында өтіп жатқан брифингте.

Өзгелердің жаңалығы