Президентті бір мерзімге сайлау – демократияға қарай жасалған батыл қадам - мәжілісмен

16 Қыркүйек 2022, 10:37
1043
Бөлісу:
Президентті бір мерзімге сайлау – демократияға қарай жасалған батыл қадам - мәжілісмен

Бұл туралы елордада өтіп жатқан Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бірлескен отырыста депутаттар ел астанасының атауын өзгерту мәселесін талқылап жатыр.  

Бүгін біз еліміздің болашағын айқындайтын аса маңызды, тарихи шешім қабылдауға жиналып отырмыз. Бұл жаңа саяси жүйе арқылы мемлекет пен қоғамдағы барлық жаңаруға жол ашылатыны анық. Президенттің жалпы  өкілеттігі 2 мерзімнен 1 мерзімге қысқарады. Бұл жаңа нормаларды биылғы президент сайлауына дейін қабылдаған жөн. Әйтпесе, Конституцияның қазіргі ережелері бойынша биыл президент болып сайланатын адамға жаңа нормалар бойынша жеті жылдық мерзімге қайта сайлануға мүмкіндік беретін заң туындайды. Бұл құрғақ сөз емес. Мысалы, демократияның атасы дейтін Америка Құрама Штатында  кезінде сондай жағдай заңды деп танылған.  АҚШ Конституциясына 1947 жылы енгізілген 22-ші толықтыруда: “Бір адам екі мерзімнен тыс президент бола алмайды”-деген талабымен қоса “бұл талаптың  енгізілген кездегі президент болып тұрған тұлғаға қатысы жоқ”-деп айқын жазылған, - деп атап өтті мәжілісмен.

Айтуынша, осы халықаралық дәстүрге сай егер бұл Конституциялық өзгерістер президент сайлауынан кейін орын алса, Президент биыл 2022 жылы 5 жылға сайланса, онда жаңа сайлау заңына байланысты тағы да 7 жылдық президент сайлауына қатысу құқы болады. 

Ондай, үшінші рет сайлауға түсіп, өткен жағдайда, Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 7 жылдық мерзімі 12 жылға созылып,  2029 жылы емес, 2034 жылы аяқталар еді. Ал бұған халықаралық заңдылық бойынша ешқандай күмән жоқ. Осы 5 жыл айырмашылық, артық мерзімді Тоқаев азаматтық ерік-жігермен өз қолымен кесіп, бір мерзімдік президенттікті ұсынып, демократиялық қадамға жол ашып  отыр. Яғни Конституцияға түзетулер алдағы сайлауға және президент жеті жылдық мерзімге сайланғанға дейін қабылданса, осы жолғы президентке және одан кейінгі барлық мемлекет басшысына президент сайлауына қайта қатысуға заңмен тыйым салынады. Бірден айтарымыз, Президентті бір реттік мерзімге сайлау демократиялық алға басудың айқын қадамы және саяси реформалардың жалғасы, - деді Қазыбек Иса.   

Өзгелердің жаңалығы