Президентке АЭС құрылысы мен атом ғылымын дамыту барысы таныстырылды

Мемлекет басшысы отандық атом энергетикасын дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

22 Қазан 2026, 17:02
АВТОР
 Ақорда 22 Қазан 2026, 17:02
22 Қазан 2026, 17:02
105
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа агенттіктің 2026 жылы атқарған жұмысының негізгі нәтижелері туралы есебі таныстырылды.

Мемлекет басшысына атом өнеркәсібі мен энергетика жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, АЭС құрылысы, атом ғылымы мен инновацияларды дамыту, маман даярлау және саладағы жобалардың отандық үлесін арттыру мәселелері көтерілді.

Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру, радиоактивті қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, ядролық және радиациялық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық базаны нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу соңында Президент ұлттық атом энергетикасын ілгерілету мәселелерін айрықша бақылауда ұстауды, сондай-ақ Атом саласының даму стратегиясы аясында айқындалған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде уақтылы шаралар қабылдауды тапсырды.

Наверх