Екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту шеңберінде Қазақстан Елшісі Болат Иманбаев Армения Президенті Аппаратының Сыртқы байланыстар және протокол басқармасының басшысы Тигран Самвелянмен кездесті.
Армян тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының негізгі аспектілерімен егжей-тегжейлі танысты. Мемлекет басшысының экономикалық саладағы бастамалары, атап айтқанда, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық жүйесін қайта жүктеу және шағын және орта бизнесті қолдау шараларын оңтайландыру жөніндегі шаралар қызығушылық тудырды.
Арменияның цифрландыру саласындағы оң тәжірибесін назарға ала отырып, Т.Самвелян ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру тұрғысынан екі елдің осы саладағы ынтымақтастығының перспективаларын атап өтті.
Кездесу соңында сұхбаттастар екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағаттарды теңестіріп», алдағы іс-шаралар кестесі бойынша пікір алмасты.