Президент Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

 Ақорда 30 Шілде 2024 2024, 12:21
30 Шілде 2024 2024, 12:21
977
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаевқа сот төрелігіндегі өзекті мәселелер мен сот жүйесін одан әрі жаңғырту шаралары туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке сот жүйесін цифрландыру және дау тудырмайтын әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша автоматтандыру жұмыстары жүзеге асырылып жатқаны жөнінде баяндалды.

Асламбек Мерғалиевтің айтуынша, азаматтық және әкімшілік істер бойынша татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіші өсіп келе жатыр.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы сала кадрларының сапасын арттыру, азаматтарды сот арқылы қорғауды күшейту, заң үстемдігін қамтамасыз ету және соттарға деген сенімді арттырудың маңызын атап өтті.

Наверх