Президент жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды

25 Сәуір 2022, 13:28
1077
Бөлісу:
Президент жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. 

Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті. Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды. 
 

Өзгелердің жаңалығы