Президент жас офицерлерге шен тапсырды

3 Шілде 2021, 19:57
3710
Бөлісу:
Президент жас офицерлерге шен тапсырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының үздік түлектеріне әскери шендер табыс етті.

Қалыптасқан дәстүр бойынша елорда күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешені маңында Мемлекеттік туды көтеру салтанатты рәсімінде еліміздің әскери жоғары оқу орындарының үздік түлектері Мемлекет басшысының қолынан алғашқы офицер атағын алды.

Президент жас офицерлерге шен тапсырды

Осы жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 3 тәрбиеленушісі Жанат Әділхан және Талап Әнәпия осы құрметке ие болды. Олар ТЖК аумақтық бөлімшелерде қызметтерін жалғастыратын болады.

Президент жас офицерлерге шен тапсырды

Сонымен қатар Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин академияның 4 түлегі Азамат Абдрахмановқа, Әділет Дәулетбековке, Бақыт Орынбасарға, Әділжан Молдахметовке лейтенант шенін табыс етті.

Азаматтық қорғау органдары кадр ұстасының үздік түлектері қызмет барысында барлық жүйені дамытуға қомақты үлес қосып, жоғары нәтижелерге қол жеткізеді, себебі курсанттар бола тұрып, бұл балалар өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығының имиджін арттыра отырып, академияның ғылыми, спорттық және мәдени өміріне белсене қатысты.

Президент жас офицерлерге шен тапсырды

Академияда оқыған жылдары тәрбиеленушілер оқу бағдарламасының теориялық курсын меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар спорттың әр түрі бойынша академияның құрамында өнер көрсете білді, ғылыми-зерттеу қызметімен айналыса білді, ғылыми-практикалық конференцияларда сөз сөйледі.

Оқу мен қоғамдық өмірде жоғары нәтиже көрсеткен академия түлектері 2010 жылдан бастап осы рәсімге қатысады.

Жалпы 11 жылда Қазақстан Республикасы Президентінің қолынан Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі ведомстволық оқу орнының 23 түлегі лейтенант шенін алды.

Өзгелердің жаңалығы