Президент Жапония Императорын құттықтады

Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады.

 Ақорда 23 Ақпан 2026, 14:31
23 Ақпан 2026, 14:31
375
Фото: Ақорда

Президент Жапония Императорының туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында жандана беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Император Нарухитоның игі бастамаларына мол табыс, ал достас жапон халқына бақ-береке тіледі.

Наверх