Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

Бүгiн, 18:00
110
Бөлісу:
Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.

Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.

Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке автобус сыйға тартты.

Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

Жалпы, биыл Жетісу облысында 3 жаңа мектеп ашылған. Оның ішінде екеуі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынды.

Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

Атап айтқанда, Панфилов ауданының Жаркент қаласында 1200 орындық, Көксу ауданының Қаратал ауылында шағын жинақты мектеп пайдалануға берілді.

Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді

Қазіргі кезде облыс бойынша 5 білім ошағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы