Президент Вашингтонға аттанады: Тоқаев пен Трамптың талқылайтын мәселесі белгілі болды

Қазақстан Президенті Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады.

 Ақорданың баспасөз қызметі Кеше 2026, 12:03
Кеше 2026, 12:03
668
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады.

Саммит барысында Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесіне баса мән беріледі. Атап айтқанда, бейбітшілік орнату, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және гуманитарлық көмек жеткізу бойынша нақты шаралар әзірлеуге ден қойылады, - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Сонымен қатар сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді. 

Наверх