Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент ұзақ мерзімді өсімге басымдық беруді міндеттеді – Олжас Бектенов

Олжас АДАЙ
Кеше, 10:11
414
Бөлісу:
 Үкіметтің баспасөз қызметі
VIDEO
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Президент біздің алдымызға ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. Бұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты” атты бағдарламалық сұхбатында айқындап берген даму приоритеттері бойынша жұмыс жоспары қаралды.

Президент біздің алдымызға қазіргі экономикалық даму нәтижелерін сақтап қана қоймай, сонымен қатар ұзақ мерзімді нәтижеге баса мән бере отырып, даму қарқынын арттыру міндетін қойды. Бұл – барлық саланы, оның ішінде энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік инфрақұрылымы, инвестицияларды тарту, агроөнеркәсіп кешені мен туризмді дамытуға қатысты маңызды бағыттарды қамтиды, - дейді Олжас Бектенов.

Өзгелердің жаңалығы