Президент ұсыныстарды тыңдау керек, білуі тиіс – Берік Әбдіғалиұлы

6 Қыркүйек 2019, 14:58
5478
Бөлісу:
Президент ұсыныстарды тыңдау керек, білуі тиіс – Берік Әбдіғалиұлы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ел президенті Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерінің ұсыныстарын тыңдап, қоғамды қордаланып қалған мәселелерді білуі тиіс. 

Мұндай пікірді  «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы айтты. 

"Ең бастысы, мемлекетіміздің дамуына байланысты мәселелер көтерілді. Саяси реформалардың маңыздылығы, экономикалық нақты ұсыныстар берілді. Бұл мемлекеттік тіліміздің және ұлттық рухымызға байланысты. Ең негізгі дегендері айтылды. Одан бөлек, жиын алдында кеңестің мүшелері  басқа да тақырыптарды көтерген болатын. Мысалы, көпбалы аналардың мәселесі, жұмыссыздық, әлеуметтік тақырыптағы қордаланып қалған көптеген проблема талқыланған. Оның бәрі алдағы отырыстарда көтеріледі. Бүгін, әзірше ең негізгілері ғана ортаға салынды. Мемлекетіміздің тұрақтылығына, дамуына, болашағына тікелей байланысты тақырыптар айтылды", - дейді Берік Әбдіғалиұлы.

Бүгін алғашқы отырыста кеңес мүшелерінің арасында зейнеткерлердің жасын 55-60 жасқа дейін төмендету керек деген ұсыныс болған еді. Берік Әбдіғалиұлы бұған қатысты да пікірін білдірді. 

"Бұл ұсыныс алаңы. Әрине, бәрі бірдей орындала бермейді. Ондай мәселелерді Үкімет өзі талдау жасап, шешімін айтар. Бірақ елді мазалайтын мәселелерді осы жерде көтеруіміз керек. Президентіміз соны тыңдау керек, білуі тиіс. "Елдің арасында осындай мәселе бар, биыл бола ма, жоқ па? деп кеңес мүшелері өз ойларын айтады. Ал тиісті мекемелер жауап беруі қажет. Бұл жерде қоғамды алаңдатын мәселелерді көтеру, соған нақты жауап алу", - дейді саясаттанушы.


Өзгелердің жаңалығы