Президент ҰҚК-ні реформалау мәселелері жөніндегі Жарлыққа қол қойды

20 Мамыр 2022, 11:12
1257
Бөлісу:
Президент ҰҚК-ні реформалау мәселелері жөніндегі Жарлыққа қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  17 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кейбір мәселелері туралы» № 893 Жарлыққа қол қойды.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Осы Жарлықпен ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін жетілдіруді көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің 15 жарлығына түзетулер енгізілді.

ҰҚК-нің жаңартылған құрылымы бекітілді. ҰҚК-нің жекелеген мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылып, оңтайландырылды, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы