Президент Үндістанның премьер-министріне Республика күніне орай құттықтау жолдады

27 Қаңтар 2025, 15:02
204
Бөлісу:
Президент Үндістанның премьер-министріне Республика күніне орай құттықтау жолдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі, - делінген Ақорда хабарламасында.

Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы