Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент: Түпкі мақсатымыз – еңбеккерлерді табысты адамдардың үлгісі ретінде дәріптеу

12 Қараша 2025, 18:50
303
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев түпкі мақсат – еңбеккерлерді табысты адамдардың үлгісі ретінде дәріптеу екеніне тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы жұмысшы мамандық иелері екі елдің экономикалық өрлеуіне орасан зор үлес қосатынына назар аударды.

Биыл Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтарының жылы" болып жарияланды. Көп ұзамай бұл жұмысты қорытындылаймыз. Жұмысшы мамандықтарын жан-жақты қолдауға, олардың қоғамдағы беделін арттыруға және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауға бағыт алдық, - дейді Президент.

Оның айтуынша, аталған бағыттарға дәйекті түрде инвестиция салатын елдер инновация мен орнықты дамуда көш бастайтынын әлемдік тәжірибе көрсетікен.

Мемлекет тарапынан жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру және қоғамда жаңа еңбек мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ еңбек адамдарын құрметтеу үшін тиісті шаралар қабылдануда. Сайып келгенде, біздің түпкі мақсатымыз – еңбеккерлерді табысты адамдардың үлгісі ретінде дәріптеу. Бұл жүздеген мың азаматты ынталандырады. Қазақстан мен Ресей өзара ынтымақтастықтың аса маңызды бағыты саналатын кадр даярлау ісіндегі серіктестікті дәйекті түрде тереңдетіп келеді. Білім беру және өндіріс саласындағы байланыстарды жандандыру маман даярлау сапасын жетілдіріп, озық технологияларды енгізу үдерісін үдете түсеріне сенімдімін, - деді Мемлекет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы