Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Тоқаев Ататүрік кесенесіне зиярат етті

29 Шілде 2025, 14:25
861
Бөлісу:
PHOTO VIDEO

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Түркия Республикасына ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш Президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды. 

Президент Тоқаев Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Қазақстан Президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді. 

Президент Тоқаев Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.

Президент Тоқаев Ататүрік кесенесіне зиярат етті
Өзгелердің жаңалығы