Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, апат салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Баршаңызға мәлім, қазір «Таза Қазақстан» акциясы басталды. Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Оның түпкі мәні – ұлтты ортақ іске ұйыстырып, елімізді көркейте түсу, халқымыздың жаңа экологиялық сана-сезімін дамыту. Бұған, ең алдымен, өздеріңіз сияқты адал азаматтар ұйытқы болады. Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан бүгінгі марапатты халықтың сіздерге деген зор алғысы деп қабылдаған жөн, – деді Президент.
️Бұдан кейін Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады
Марапаттау рәсімінде «Зағиптар арманы» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің іс жүргізушісі Әлия Досмұханова, «Основание» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің экскаваторшысы Владимир Царик және «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ақтөбе филиалының су беруді реттеушісі Шыңғыстау Әбдиев сөз сөйледі.