Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент: Татулық пен тұрақтылық – баянды болашақтың кепілі

18 Қыркүйек 2025, 16:28
757
Бөлісу:
 Ақорданың баспасөз қызметі
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII съезінің жабылу салтанатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қазақстан барлық деңгейдегі дінаралық және мәдениетаралық диалогты толық қолдайтынын айтты. Сондай-ақ съездің жаһандық пікірталас алаңы ретінде ықпалын арттыруға тырысатынын атап өтті.

Біз съезд хатшылығының БҰҰ институттарымен және басқа да құрылымдармен серіктестік желісін кеңейтуді жалғастырамыз. Съезд идеяларын ілгерілету үшін бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Оған халықаралық серіктестеріміз, жастар, сарапшылар, волонтерлік ұйымдар қатысады. Бейбітшілік – ең басты байлығымыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айтуынша, бұл – барша елдерге, халықтар мен діндерге ортақ аса маңызды құндылық.

Шын мәнінде, татулық пен тұрақтылық баянды болашақтың мызғымас кепілі саналады. Сіздер осы жолда аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Бүгінгі басқосуды соның жарқын көрінісі болды деуге болады. Бір сөзбен айтқанда, Съезд табысты өтті. Баршаңызға зор алғысымды айтамын. Игі мақсат жолындағы ынтымағымыз одан әрі нығая береді деп ойлаймын, – деді Президент.

Бұған дейін аталған жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дінбасылар ортақ мүдде жолында күш біріктіруге дайын екендігін мәлімдеген болатын.

Өзгелердің жаңалығы