Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылғы ел экономикасының нәтижелеріне баға берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Отырыста Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндама жасады. Осыдан кейін Президент сөз сөйлеп, экономикада оң өсім бар екенін атап өтті.
Экономикада айтарлықтай өсім бар. Сыртқы ахуалдың күрделі екенін ескерсек, мұны жақсы нәтиже деуге болады. Алайда алда атқарылатын жұмыс көп. Экономиканы жаңа деңгейге көтеру үшін нақты әрі тиімді шаралар қажет. Бұл мәселеге кейінірек тағы тоқталамын, – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан соң Президент сөз кезегін Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке берді.