Президент шекті межені 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін көтермеуді тапсырды

<p> </p> <h4 align="center" style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.&nbsp;</h4>

9 Желтоқсан 2021 2021, 17:53
АВТОР
 9 Желтоқсан 2021 2021, 17:53
9 Желтоқсан 2021 2021, 17:53
2031

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалануға қатысты шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру туралы шешімге қатысты көпшіліктің өтінішіне құлақ асты.

Шекті меже келесі жылдан бастап ең төменгі жалақының өсуіне байланысты көтеріледі. Зейнетақы жүйесінің негізгі міндеті – азаматтарды зейнетке шыққаннан кейін қажетті жеткілікті табыспен қамтамасыз ету. Сондықтан зейнетақы жинақтарының шекті межесін көтеру жөніндегі шешім – негізінен осы бағыттағы дұрыс қадам.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы зейнетақы қорындағы шекті межеден асқан қаржысын пайдаланып үлгермеген азаматтарды қолдап, Үкіметке бұрынғы шекті межені көтеру мерзімін 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін ұзартуды тапсырды.

Наверх