Президентке сабақ берген ұстаз Сейтхан Исаев қайтыс болды

12 Ақпан 2019, 11:04
3421
Бөлісу:
Президентке сабақ берген ұстаз Сейтхан Исаев қайтыс болды

Астана, BAQ.KZ. Елбасының алғашқы ұстаздарының бірі, «Парасат» орденінің иегері, Алматы облысының және Қарасай ауданының құрметті азаматы Сейтхан Исаев қайтыс болды.

Ұстаздың немересі Динара Исаеваның айтуынша, Сейітхан Исаев 102 жасында ауруханада 11 ақпан күні таңертең дүниеден өткен.  

Сейітхан Исаев - Ұлы Отан соғысының ардагері, тарих пәнінің мұғалімі. 

1918 жылы 31 желтоқсанда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы №9-шы ауылында дүниеге келген. 

«Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағымен қоса Ұлы Отан соғысы кезіндегі жауынгерлік ерлігі үшін Отан соғысының І, ІІ дәрежелі ордендерімен, КСРО, Украинаның он екі мерекелік медалімен, еңбектегі үздік жетістіктері үшін сегіз медальмен, төсбелгілермен марапатталған. Қала, аудан кеңесінің бірнеше рет депутаты болып сайланған. Қаскелең қаласының, Қарасай ауданы­ның және Алматы облысының «Құрметті азаматы» атанған.

«Қазақ КСР халық-ағарту білімінің үздік қызметкері», білім және педагогика ғылыми саласындағы ерекше еңбегі үшін «Ыбырай Алтынсарин» медалінің иегері, аудан, облыс, республика, партия, кеңес, білім, кәсіподақ, ардагерлер ұйымдарынан алған мақтау грамоталарының, алғыстарының саны жүзге тарта, Қарасай ауданы соғыс-еңбек ардагерлер ұйымының құрметті төрағасы, Қарасай ауданы тарихи-өлкетану музейінің бас кеңесшісі, ақылшысы, Елбасына дәріс берген және Нұрсұлтан Әбішұлының қадір тұтатын мұғалімі.

2000 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевқа ұстаз атанған, шәкірті Елбасы қолынан қолтаңба мен  арнайы сыйлық – алтын қолсағат алған қадірменді маман иесі. 2005 жылы Ұлы Жеңістің 60 жылдығына орай ҚР Президентінің арнайы құттықтау Алғыс хатын алды.

2005 жылы сәуірде мемлекет алдын­дағы еңбектері белсенді қоғам­дық қызметтері үшін және Ұлы Жеңістің 60 жылдық мерекесіне байланысты Президенттің Жарлығымен «Парасат» орденімен марапатталған.

Сейітхан Исаев бес баланың әкесі, немерелері мен шөберелері бар.

Өзгелердің жаңалығы