Президент сайлауы. Кандидатты таңдау қиынға түсті – Азат Перуашев

6 Қазан 2022, 11:30
1354
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидатты таңдау қиынға түсті – Азат Перуашев

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев елордада өтіп жатқан «Ақ жол» партиясының ХІХ құрылтайында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президенттікке сайлауға партиямыздың қатысуы туралы ұсыныс жасадық. Партия атынан сайлауға түсетін үміткерді ұзақ талқыладық. Кешегі құрылтай алдындағы жиында да бірнеше сағат талқыласақ та, келісімге келе алмадық. Жалпы парламенттік болсын, президенттік болсын сайлауға қатысу туралы шешімді құрылтайдың ғана қабылдауға құзыреті бар. Ортақ пікірге келмегендіктен сіздердің қарауларыңызға салайық деп шештік. Бір ұйым болғандықтан бұл мәселе жөнінде бәріміз ақылдасып, ортақ шешімге келуіміз қажет. Кімді ұсынсақ та, бәріміз бір атаның баласындай партия атынан бір үміткерге ниеттес болуға тиіспіз. Партия атынан бір ғана кандидат додаға түсе алады, - деп атап өтті фракция төрағасы Азат Перуашев. 

Айтуынша, алдыңғы өткен Президент сайлауы алдында орын алған партиядан шығып, өз ұйымын құру оқиғасы баршаға сабақ болуы тиіс. 

Президентіміз кезектен тыс сайлау болады деп жариялағалы бері маған фракция төрағасы ретінде алты адам хабарласып, өз кандидатураларын ұсынған болатын. Іріктей келе, 3 партияласымыз фракция атынан сайлауға қатысуға ниет білдіріп отыр, - деді Азат Перуашев.

Еске сала кетейік, бүгін «Ақ жол» партиясы партия атынан президенттікке ұсынылатын кандидаттың есімін жариялайды. 

Өзгелердің жаңалығы