Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

9 Қараша 2022, 16:18
938
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?
PHOTO

Қазақстан Республикасының  Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен Ақтауға жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мұнда ол теңіз сауда портына барды. М. Қажыкен кездесу барысында порт қызметкерлеріне өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. 

Ақтау порты-үлкен әлемге жетелер қақпа. Оның жүктерді ауыстырып, тиеуді ұлғайту үшін әлеуеті бар. Елдегі көлік логистикасы жүйесіндегі маңызы зор, - деді кандидат.

Сайлаушылар қолданыстағы жолдардың сапасына наразылықтарын білдіріп, М.Қажыкеннің бұл мәселені қалай шешуді жоспарлап отырғанын сұрады.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Жолдар-коммуникация, коммуникация – экономика. Жолсыз байланыс та, экономика да болмайды. Ішкі және халықаралық маңызы бар көптеген сапалы жолдарды салу қажет. Сапалы жолдар көп инвестицияны қажет етеді. Бірақ қазір құрылыс саласында үнемдеу байқалады.Мен ел аралап шықтым және бұл мәселе туралы білемін, - деп атап өтті ол.

Кандидат сонымен қатар мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету, ең төменгі жалақыны ашық есептеу, экология, сапалы білім беру және қолжетімді медицина мәселелерін көтерді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

 Әкім әкімшілік орталыққа немесе Астанаға барып, мектеп салуға немесе аурухананы жөндеуге ақша сұрамауы керек. Мұндай мәселелер жергілікті жерлерде шешілуі керек. Салық ақшасының көп бөлігі аймақта қалуы керек, - деп түйіндеді ол.

Жигули Дайрабаев: Ұттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек 

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев «DANMARD» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат олармен еңбек адамының рөлін арттыру және елдегі жеңіл өнеркәсіптің жай-күйі мәселелерін талқылады.             

Жигули Дайрабаев  мемлекеттік тапсырыстардың  әділ бөлінуі тиіс екеніне тоқталып, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар тек импорттық тауарларды сатып алатынын атап өтті.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Елімізде жеңіл өнеркәсіп, онымен айналысатын жеке бөлім жоқ. Бұл үлкен қателік. Экономиканың осы саласын жандандыру және дамыту үшін ұлттық компаниялар отандық өндірісті қолдауы керек. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп өнімдерін үлкен көлемде сатып ала алатын ҚТЖ-ның бүйрегі импортқа бұрып тұрады. Сондықтан мен барлық қазақстандықты өз өнімдерімізді қолдауға шақырамын, – деді кандидат.

Сонымен қатар Жигули Дайрабаев өңірлерде жеңіл өнеркәсіпті дамытуды ұсынды. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Өңірлерде, әсіресе ауылдық елді мекендерде жұмыс күші мол. Ауылдарда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыта отырып, біз көптеген мәселені шешіп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етер едік, – деді Жигули Дайрабаев.

Нұрлан Әуесбаев: Мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету

Қазақстан Республикасының  Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Астана қаласында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мемлекет алдында тұрған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету. Ол үшін бірқатар саяси реформаларды жүзеге асыру керек.

Реформалардың бірі бюджет процедураларын жетілдірумен айқындалады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режимінде онлайн түрде мемлекет ақшасының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отыруы керек.

 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Сондай-ақ орталық және жергілікті атқару органдарында барлық деңгейдегі депутаттар мен шенеуніктердің кіріс-шығысы туралы міндетті жария декларацияны шұғыл түрде енгізу қажет.

Сонымен бірге Нұрлан Әуесбаев заңсыз баюға қатысты қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынды. Оның пікірінше, парақорлармен нәтижелі күрестің жалғыз жолы осы.

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысының сайлаушыларымен кездесті

Бүгін Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Павлодар облысының жұртшылығымен, кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен және жастарымен бірқатар кездесу өткізді.

Екібастұз қаласында РҚШ мүшелері әлемдегі ең үлкен «Богатырь» ашық көмір кенішінің еңбек ұжымымен кездесіп, кеншілерге кандидаттың бағдарламасындағы жұмысшылардың құқықтарын қорғау және өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтары туралы айтып берді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Азаматтардың адал өнімді еңбегі құрметтелуі, қорғалуы және оған лайықты еңбекақы төленуі тиіс. Қызметкерлердің мансаптық болашағы мен табысы олардың кәсібилігіне, жауапкершілігі мен әбжілдігіне байланысты болуы керек. Жастарды еңбекқорлыққа баулыған жөн,- деді Республикалық қоғамдық штаб делегациясының басшысы Асхат Оралов.

Бұдан соң Достық үйінде штаб мүшелері өңір жұртшылығымен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын талқылады. 

Жастар белсенділерімен кездесуде РҚШ мүшелері – жастар саясатындағы, ал кәсіпкерлерімен жүздесуде экономика саласындағы сайлауалды бастамаларға тоқталды. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Республикалық қоғамдық штаб мүшелері Павлодар облысының Ақсу, Екібастұз қалаларында, сондай-ақ Баянауыл, Железин, Успен және т.б. аудандарында сайлаушылармен 20-дан астам кездесу өткізді.

Өзгелердің жаңалығы