Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

8 Қараша 2022, 17:13
1246
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

8 қарашада Президенттікке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Орал қаласындағы Гагарин атындағы кинотеатрда сайлаушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі қаулылары жөнінде айтып берді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстанның өңірлерін аралап, халықпен кездесуін жалғастыруда. Бұл жолы ол Қостанай қаласындағы №4 емхана ұжымымен кездесу өткізді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Емхананы аралау барысында үміткер тек медицина қызметкерлерімен ғана емес, науқастармен де тілдесті. 

Президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Ақтөбеде Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері, профессор-оқытушыларымен кездесті.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Кандитат алғашында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Содан соң  қатысушылар да өздерін қызықтырған  сұрақтарын қойды.  Олар негізінен әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытты.

«Ауыл» партиясынан президенттікке  кандидат Жигули Дайрабаев Абай облысының жұртшылығымен кездесулер өткізді. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Кандидат сапары халықтың рухани дамуына зор үлес қосқан ұлы тарихи қайраткерлер – Абай Құнанбайұлы мен Мұхтар Әуезовтің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталды. 

  Одан кейін Жигули Дайрабаев және оның командасы Абай облыстық кітапханасында жергілікті зиялы қауыммен кездесу өткізді. 

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Штаб мүшелері «Петерфельд Агро» өндіріс базасында солтүстікқазақстандық шаруалармен және ауылшаруашылық тауарларын өндірушілермен кездесті. Іс-шара барысында кандидаттың сайлау алдындағы бағдарламасында көрсетілген алдағы жеті жылда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған шаралар талқыланды.

Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін ол Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына ат басын бұрды.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта 100-ден астам адам жұмылдырылғаны белгілі.

Жергілікті штабта 10 қызметкер, 100 волонтер жұмыс істейді. Штаб өкілдері аудан және ауыл тұрғындарымен де кездесу өткізеді. Жұмыс үйлесімді әрі талаптарға сәйкес іске асуда, – деді Қарақат Әбден.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?
Өзгелердің жаңалығы