Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

28 Қазан 2022, 14:43
1674
Бөлісу:
Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?
PHOTO

 

Бүгін Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевты қолдауға арналған ерекше іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуесбаевтың әуестігі

Сайлауалды науқан аясында ЖСДП белсенділері «Әуесбаев үшін марафон» атты флеш-мобқа жиналды. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың жақтастары «Астана Триатлон» саябағында 10 шақырымға жүгіру акциясын ұйымдастырды. Осылайша олар Нұрлан Әуесбаевты қолдайтындарын білдіргісі келген. Сонымен қатар еліміздің түкпір-түкпірінде партия филиалдарының басшылары үміткерімізді қолдау мақсатында түрлі іс-шараларды өткізіп жатыр, – деп атап өтті Әуесбаевтың ресми өкілі Мақсұт Нәсибулов.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Ұлытаудағы кездесу

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының сайлаушылармен кездесуі Ұлытау облысында жалғасты.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Жезқазған қалалық Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде өңір жұртшылығымен кездесу өтіп, оған 500-ге жуық адам қатысты.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Ұлытаулықтармен әңгімелесу кезінде РҚШ мүшелері кандидаттың «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасында көрсетілген өңірлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

Бұдан кейін, Республикалық қоғамдық штабтың мүшелері «ULYTAU NAN» ЖШС нан зауытында болды.

Жигули Дайрабаев: Жастар үшін 35 жас тым көп

Бүгін Қазақстан Республикасының президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаев Қызылорда қаласының сайлаушыларымен кездесті.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

 Жиынға түрлі сала мамандары қатысты. Олардың ішінде мектеп мұғалімдері, фермерлер, қала жастары бар. Сайлаушылар көкейдегі сұрақтарына жауап ала алды. Кездесу барысында сөз сөйлеген кандидат жастардың санын 29-дан 35-жасқа дейін ұзарту мәселесіне қатысты ойын айтты.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Менің пікірімше, жастар 25 жасқа дейін қоғамға бейімделіп, толыққанды қалыптасу керек. Сол себепті еліміздегі жастар санын 29-дан 35-жасқа дейін ұзарту мәселесін жан-жақты қарастырып қана бір шешімге келу керек,-деді Жигули Дайрабаев.

Нұрлан Әуесбаев:Мәжілістің рөлін күшейту керек

28 қазанында Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан ҚР президенттігіне үміткер Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Ақмол ауылында болып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Кездесу жергілікті Мәдениет үйінде өтті. Шара барысында үміткер халыққа жақын болу үшін сахнадан залға түсті.Өз сөзінде, Нұрлан Әуесбаев, мемлекет алдында тұрған басты мәселе – жемқорлықпен күрес екенін атап өтті. Үміткердің пікірінше, ол үшін ең алдымен саяси реформаларды жүзеге асыру керек және ең алдымен мәжілістің рөлін күшейту керек. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Бұл ретте Нұрлан Әуесбаев әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлінгенін атады.

Қарақат Әбден ұстаздармен жүздесті

Президентке үміткер Қарақат Әбден Павлодар қаласының сайлаушылармен кездесу өткізді. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Павлодар қаласының «Дарынды балаларға арналған музыкалық колледжінде» өткен сайлауалды жиында Қ.Әбден ұстаздармен жүздесіп, білім беру саласындағы өзекті сұрақтарды талқылады.  

Студенттер, білім алушы жастар– еліміздің болашағы, ал ұстаздар – қоғамдағы орны ерекше тұлғалар. Сондықтан Павлодар қаласындағы сайлауалды жиын осы білім ордасында өткізуді жөн көрдік, - деп жеткізді Қарақат Әбден. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Қарақат Әбден өзінің Павлодар қаласындағы сенімді өкілдерімен өкілдерімен кездесті. Үміткердің бұл өңірдегі штабында 200-ден астам волонтер жұмыс істейді. 

                                                      Жигули Дайрабаев Арал тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Арал өңірі сайлаушыларымен кездесті.

Дарияның жоғарғы жағындағы шаруалар күріш шаруашылығын жеткілікті мөлшерде сумен қамтамасыз етуді сұраса, өзеннің төменгі сағасындағы  тұрғындар суды аз тұтынуды талап етті. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Ауылдық елді мекендер мен көптеген қаланы таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі «Ауыз су 2001-2010», «Ақ бұлақ 2011-2020» бағдарламасында қолға алынғанымен нәтижесі аз  болды,– деді Жигули Дайрабаев.

 Салтанат Тұрсынбекова:Менің жаным әр әйел үшін ауырады

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова көп балалы аналармен кездесу өткізді.

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

5 жылдан бері ауылдарды, дағдарыс орталықтарын, отбасыларды қолдау үшін құрылған мекемелерді, қарттар үйлерін, балалар үйлерін, бас бостандығынан айырылған әйелдерге арналған түрмелерді аралап жүрмін. Олардың қалай өмір сүріп жатқанын көрген сайын, әрқайсысы үшін жаным ауырады. Мен үшін қоғамымыздың ең осал топтарына – көп балалы аналарға, толық емес отбасындағы ата-аналарға, мүгедектерге, ерекше қажеттіліктері бар балалардың аналарына және басқа да қолдауды қажет ететін азаматтарға көмектесетін реформаларды жасағым келеді, – деді. 

Мейрам Қажыкен Қостанай жұртшылығымен кездесті

Қостанайға келген кандидатты өңірлік штабтың өкілдері мен еріктілер жылы қарсы алды. 

Президент сайлауы. Кандидаттар бүгін қандай шаралар өткізді?

Әрине, біз әрқашан жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде шешіле қоймайды. Себебі ол, бүгінгі таңда, жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрайтын болады. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни айырмашылық 10 есе, - деді кандидат. 

Сонымен қатар үміткер лайықты өмір жалақыдан басталатынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы