Президент сайлауы халықтың сенімінің артқанын көрсетті – Жанар Боқанова

23 Қараша 2022, 17:29
2051
Бөлісу:
Президент сайлауы халықтың сенімінің артқанын көрсетті – Жанар Боқанова

Бұл туралы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы электоралды оқыту орталығының басшысы Жанар Боқанова «Желмая» жобасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Сөз басында спикер Орталық сайлау комиссиясының жұмысын алға тартты. 

Екі айдың ішінде көптеген шара ұйымдастырылды. Бүкіл сайлау учаскелерін дайындау, бюллетеньдерді әзірлеу, оларды учаскелерге жеткізу, сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясының әр мүшесі өңір-өңірлерді аралап шықты. Сайлау учаскелерінің дайындығын тексерді. Мүгедек жандарға жағдайдың қалай жасалғанын қадағалады, - деп атап өтті оқыту орталығының басшысы. 

Айтуынша, сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге 70 мың қызметкер жұмыс істеген. Жасалған шаралардың барлығы сайлаушылардың белсенділігіне өз әсерін тигізді деп отыр. 

Сайлауға екі күн қалғанда ОСК мүлдем тіркеуде жоқ азаматтарға саяси оқиғаға қатысуға мүмкіндік берді. Бұл бұрын-соңды сайлауда болмаған дүние. Азаматтардың саяси құқықтары осылай жүзеге асырылды. Осыған дейін 2019 жылы өткен сайлау қорытындыларына көз жүгіртсек, Президент ол кезде 73% дауыс жинаған. Бүгінгі күні ол көрсеткіш 80%-дан асып отыр. Соған қарағанда, сенім бар деп айтуға болады. Жалпы, президент сайлауында халық Парламент сайлауына қарағанда үнемі белсенді, - деді Жанар Боқанова. 

Өзгелердің жаңалығы