Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

18 Қараша 2022, 20:41
1367
Бөлісу:
Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар
PHOTO

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалдындағы үгіт-насихат науқанында 12 облыста болды. Ол Астана, Шымкент және Алматы қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында тұрғындармен, халықтың әртүрлі топтарымен кездесу өткізді,  деп хабарлайды BAQ.KZ. 

АСТАНА

21 қазанда кандидаттың штабында ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Қатысушылар дайындық жұмысындағы жағдайды, сондай-ақ алдағы жоспарларды талқылады.

22 қазанда Республикалық штабтың ресми ашылуы өтті. Республикалық штабқа бейнебайланыс арқылы аймақтық бөлімшелер қосылды. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мәселелері, алдағы жоспарлар, сондай-ақ кандидаттың сайлауалды бағдарламасы талқыланды.

23 қазанда кандидаттың өзі Астана қаласының көшелеріне өзінің алғашқы үгіт-насихат плакатын жапсыру үшін шыққан болатын. Осылайша, ел астанасы мен өңірлерінде штаб командалары іске қосылды.

24 қазанда кандидат құқық қорғаушылармен кездесті. Салтанат Тұрсынбекова нашақорлық, құмар ойындар мен маскүнемдік, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен сыбайлас жемқорлық сияқты мәселелердің кең етек жаюына жол беруге болмайтынын айтты.

25 қазанда ол Республика күніне арналған челлендж аясында қолына еліміздің туын көтеріп, жүгірді.

ҚАРАҒАНДЫ

26 қазанда кандидат сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында аймақтарды аралауды бастады. Алғашқы өңір Қарағанды облысы болды.

Қарағандыда кандидат құқық қорғаушылармен, заңгерлермен, түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында кандидат өзінің телефон нөмірін көпшілікке жариялады. Халық мүгедектердің мәселесіне, саяси өзгерістер қажеттігіне шағымданып, оның өлім жазасына деген көзқарасын сұрады.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Одан кейін үміткер Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету орталығында болды.

КӨКШЕТАУ

27 қазан күні құқық қорғаушы көпсалалы облыстық ауруханада болып, дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің мәселелерін тыңдады. Медицина қызметкерлерімен кездесуде Тұрсынбекова дәрігерлердің қателіктерін декриминизациялау туралы айтты. Медициналық мекемелерді қаржыландырудың аздығы да дәрігерлерді алаңдатып отыр.

Сол күні президенттікке үміткер Салтанат Тұрсынбекова «Шанс» дағдарыс орталығында болды. Құқық қорғаушы әйелдерді үмітін үзбеуге және берілмеуге – өздері және балалары үшін соңына дейін күресуге шақырды.

АСТАНА

28 қазанда Салтанат Тұрсынбекова елордада көп балалы аналармен кездесті. Көп балалы отбасылардың бәріне белгілі қиын қаржылық жағдай, баспана мәселесі және балаларды оқытуды ұйымдастыру, қарыз жүктемесі мәселелерін көтерді.

29 қазанда Тұрсынбекова жекеменшік жануарларға арналған панаханада болып, жануарларға қамқорлық жасау керектігін айтты.

Мұнда мына мәселелер көтерілді:

• Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы 2021 жылы қабылданған заң жұмыс істемейді;

• Үйсіз жануарларға арналған қоғамдық питомниктер іс жүзінде жоқ;

• Жануарларға жанашырлықпен қарау;

• Қаржыландырудың тапшылығы;

• Жануарларға қайырымдылықтың жеткіліксіздігі.

ШЫМКЕНТ

Үміткер 31 қазанда Шымкентте тігін фабрикасының 250 жұмысшысымен әңгімелесіп, жұмыс істейтін әйелдердің зейнет жасын төмендету мәселесін көтерді. Жұмысшылар табыс теңсіздігіне шағымданды.

Содан кейін ол қалалық адвокаттар алқасымен кездесті. Адвокаттар атышулы істерді жариялайтын журналистердің әділетсіз соттары мен қысымына наразы. Кандидат өз бағдарламасында бірінші бағыт ретінде сот-құқықтық реформаны ерекше атап өткенін еске салды.

Кейінірек үміткер 2017 жылы өзінің «Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» жобасының арқасында құрылған отбасын қолдау қызметіне барды.

ТҮРКІСТАН

Тұрсынбекова 1 қарашада Түркістан облысында болды. Мұнда ол ең алдымен 1100-ге жуық адам еңбек ететін Кентау трансформатор зауытында болды. Халық бағаның өсуіне, табыстың төмендігіне шағымданып, үміткерге зейнет жасын төмендету туралы ұсынысына алғыстарын білдірді.

Үміткер сол күні Түркістан қаласындағы «Шапағат» мүмкіндігі шексіз адамдар қоғамдастығының «Ғиззат» мотивациялық орталығында болды. Тұрғындар жұмысқа орналасудағы қиындықтарға, жәрдемақылардың төмендігіне, оңалту машиналарын патенттей алмай жүргендеріне шағымданды.

АЛМАТЫ

3-6 қараша аралығында Салтанат Тұрсынбекова Алматыда түрлі кездесулер өткізді: тұтынушылардың құқықтарын, зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша азаматтармен, қалалық құқық қорғаушылармен және қоғамдық пікір көшбасшыларымен, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттерімен, сондай-ақ «Родник» дағдарыс орталығының басшысымен кездесті.

Сонымен қатар, үміткер «Тәуелсіздік таңы» монументіне гүл шоқтарын қойып, Желтоқсан оқиғасы құрбандарын еске алды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

ҚОСТАНАЙ

8 қарашада Салтанат Тұрсынбекова Қостанай қаласында бірнеше кездесу өткізді. Ең алдымен №4 емханаға барды. Емхана қызметкерлері жалақының аздығы мен кадр тапшылығы мәселелерін ортаға салса, емделушілер дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына және ауруханаға жазылудағы қиындықтарға шағымданды.

Одан кейін кандидат құқық қорғаушылармен және заңгерлермен кездесу өткізді. Онда ол елдегі басшылық лауазымдардағы әйелдер өкілдігінің төмендігі туралы, сондай-ақ партиялық тізімде әйелдердің немесе жастардың кем дегенде 30% болуы керек деген квотамен келіспеушілік туралы айтты.

АҚТАУ

Тұрсынбекова 13 қараша күні Ақтау қаласындағы жалғызбасты аналармен кездесу өткізді. Құқық қорғаушы онда ер-азаматтардың алименттен жалтару мәселесін көтерді. Кандидат айтқандай, жалғызбасты аналар «алимент сұрап, бұрынғы күйеуі мен бірге тұратын адамдардың соңынан жүгірмеуі» керек.

Сол күні үміткер Yessenov University оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен кездесіп, ауыл жастарына жағдай жасау қажеттігін айтты.

АТЫРАУ

14 қарашада Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізді. Кездесу Атырауда өтті.

Кандидат ана мен бала өлімінің деңгейі еліміздің бүкіл медицинасының дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі екенін атап өтті. «Әрбір әйел мен сәбидің өмірі үшін күресу керек», деп есептейді Тұрсынбекова.

ӨСКЕМЕН

15 қарашада Салтанат Тұрсынбекова еліміздің шығысында болды.

Алғашқы кездесу жергілікті экология саласының белсенділермен өтті. Тұрсынбекованың айтуынша, ауаның ластануы бойынша Өскемен, Риддер және Зырян қалалары әрқашан алдыңғы қатарда тұрады. Атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көзі 370-тен астам кәсіпорыннан шығатын қалдықтар болып табылады.

Кейін Тұрсынбекова құқық қорғаушылармен кездесіп, олармен мектептегі буллинг тақырыбын талқылады. Қазақстандағы ЮНФПА мәліметі бойынша, елде балалардың 63%-ы зорлық-зомбылық пен кемсітушілікке куә болған, 44%-ы құрбаны болған және 24%-ы мектепте басқа балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен кемсітушілік әрекеттерін жасаған.

ПАВЛОДАР

16 қарашада үміткер есірткі тұтынушылары мен нашақорларға арналған орталыққа барды. Құқық қорғаушы қарапайым мектеп оқушыларының есірткі «жеткізуші» болып жұмыс істейтінін айыптады.

Үміткердің айтуынша, тәуелділікті жеңген адамдардың қоғамдастығын құру маңызды. Әкімдіктер оларға жан-жақты қолдау көрсетіп, көмек беруі керек. Қоғамның белсенді өкілдері қылмыскер мен нашақорды ажырату үшін құқық қорғау органдарымен бірлесіп жұмыс істеу керек.

ПЕТРОПАВЛ

Үміткер 17 қарашада Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында болды, онда сыбайлас жемқорлықпен күрес және билікті десакрализациялау қажеттігі туралы мәселелер көтерілді. Одан кейін Иван Зенченко атындағы сүт зауытының жұмысшыларымен әңгімелесіп, әйелдер арасындағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды.

Еліміздің 12 облысын аралаған Салтанат Тұрсынбекова Штаб ұжымымен бірге 16 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтті.

Елордада Қасым-Жомарт Тоқаев жақтастарының форумы өтті

Форумға ҚР Президенттігіне кандидаттың 2,5 мыңға жуық сенімді өкілі қатысты. Олар – «AMANAT», «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы сынды саяси партиялардың және Халықтық коалицияға кірген 30-дан астам республикалық қоғамдық бірлестік мүшелері. 

Жақтастар форумы – кандидаттың сайлауалды науқанындағы соңғы іс-шара. Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде қолдау білдірген баршаға ризашылығын білдірді. 

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Сайлауға дайындық жұмыстары аяқталды. Сіздер ауқымды жұмыс атқардыңыздар. Алдағы жексенбіде халқымыз елдің болашағын айқындайды. Бұл – мемлекетіміз үшін өте маңызды науқан. Жұртымыз осы сайлауға айрықша мән беріп отыр. Оның өз ерекшелігі бар. Сайлау науқаны үш айға жуық жүргізілді. Қоғам өкілдері қызу пікірталасқа түсті. Әртүрлі талқылау болды. Соның барысында игі бастамалар және тың ұсыныстар айтылды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Іс-шара барысында Республикалық қоғамдық штабтың басшысы Ерлан Қошанов, «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұргүл Ұлжекова, зауыт шебері Мақсат Тоханов, кардиолог-дәрігер Гүлнар Қамбарова, «Sensitive» естімейтін бишілер театрының солисі Айнұр Саинова, Қостанай облысынан келген волонтер Юрий Преснов және «Ұлттық рух» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аят Сүгірбай сөз сөйледі.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Жалпы, үгіт-насихат науқаны кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары 42 қала мен 5000-нан астам ауылды аралады. Олар өткізген 24 мың үгіт-насихат іс-шарасына 3 миллионға жуық сайлаушы қатысты. Кездесулер барысында азаматтардан 40 мыңнан астам ұсыныс пен тілек жиналды.

Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады

Президенттікке кандидат Қарақат Әбден сайлаушыларға үндеу жолдады. 

Сайлауалды насихат жұмыстарымен ел өңірлерін, үлкенді-кішілі қалалар мен ауылдарды аралап шықтым. Отбасы мен ұлттық құндылықтарға негізделген бағдарламамды кең байтақ еліміздің азаматтарына таныстырдым. Жастардан ізет көрдім, қариялардан бата алдым. Осылайша, мен өзімнің бағытымның дұрыс екеніне сенімім тек арта түсті. «Отбасы» әлдеқашан халқымыздың басты құндылығына айналған. Шаңырақ, үй – бабаларымыз үшін де киелі ұғым болған. Мақсатым - бабалардан қалған сол қастерлі ұғымды заманауи кейіпке келтіріп, мемлекеттік саясатқа айналдыру», - деді кандидат өз үндеуінде.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Бұдан бөлек, кандидаттың орталық штабында үгіт-насихат жұмыстары қорытындыланды. Қарақат Әбденнің сайлауалды кездесулері еліміздің мегаполистерінде, облыс және аудан орталықтарында, моноқалалар мен шалғай ауылдарда өтті. Ел өңірлеріндегі 20 сайлауалды штабтың, кандидаттың сенімді өкілдері мен 2000-ға жуық волонтердің үйлесімді жұмысы барлық әлеуметтік топтарды қамтуға мүмкіндік берді. Олардың қатарында: көп балалы аналар, қариялар, студенттер, зиялы қауым өкілдері, медицина және әлеуметтікқызметкерлер, мұғалімдер, мектепке дейінгі білім беру мамандары, ұлттық киім өндірушілері, кәсіпкерлер, отбасылық бизнес пен туристік сала өкілдері, тігін фабрикасының жұмыскерлері бар.Жалпы алғанда, 1000 астам кездесу өткізілді.

Сайлаушылармен кездесу барысында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланып, көп балалы отбасыларды, қарт кісілерді, ерекше қажеттілігі бар жандарды, өскелең ұрпақ пен жастарды қолдау шаралары туралы сөз қозғалды. Кандидат отбасылық және ұлттық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл бөлді.

Үгіт-насихат жұмыстары онлайн форматта да белсенді жүргізілді. Кандидаттың ресми сайтында жарияланған сайлауалды бағдарламаны 150 мыңнан астам қолданушы жүктеп алды. Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар мен сайты арқылы сайлаушылардың 40 мыңға жуық ұсынысы мен сауалын қабылданды.

ҚР Президенттігіне Кандидат Мейрам Қажыкен үгіт-насихат жұмыстарын аяқтады

Мейрам Қажыкен туған өлкесі – Павлодар облысынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерін аралады.

Павлодарға үміткер автоколоннаның сүйемелдеуімен шықты. Ол өзінің сайлау науқанын символикалық түрде аяқтады. Штаб қызметкерлері оған естелік акция дайындады. Олар Шымкенттегі алаңға үгіт-насихат атрибуттары бар автокөліктермен келіп, көліктерден МЕЙРАМ сөзін құрастырды. Кортежді жауып тұрған көліктен үміткердің өзі шықты. Алаңда оны еріктілер күтті. 

Бүгін мен сайлау алдындағы үгітімді аяқтап жатырмын. Осы уақыт ішінде мен командамен Қазақстанның 14 өңірінде болдым, онда мыңдаған сайлаушылармен: жұмысшылармен, қызметшілермен, студенттермен, зейнеткерлермен кездестім. Жүздеген ұсыныстар мен нақты мәселелерді тапсырмаларды тыңдадым. Адамдар жақсы жаққа өзгергісі келетінін түсіндім. Бұл ең маңыздысы! Өкінішке қарай, 6 облысқа баруға уақыт тапшы болды. Сайлаушылардан кешірім сұраймын, - деді кандидат қорытындылай келе.

Сондай-ақ, қаланың  аспанына адамның бостандығын, қадір-қасиетін, әл-ауқатын, тәуелсіздігі мен жауапкершілігін бейнелейтін аэростат ұшырылды. Президенттікке кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасында осы қағидаттардың барлығын алға тартады.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Үгіт-насихат кезеңінің соңғы күнінде М. Қажыкен қасиетті орын – Түркістанда болды. Ол барлық аймақтық сайлау штабтарының қызметкерлеріне, серіктестері мен жақындарына көмек пен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Менің сенімді адамдарыма, штаб қызметкерлеріне және бүкіл Қазақстан бойынша еріктілерге күнделікті еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Сіздер облыс орталықтарынан шалғай аудандарға бардыңыздар, ұжымдармен сөйлестіңіздер, кез келген ауа-райында парақшалар тараттыңыздар. Сіз керемет жұмыс жасадыңыздар. Көп рақмет. Біз жеңе алатынымызға сенімдімін, - деді Мейрам Қажыкен.

Әрбір кездесуде ол қандай жағдайларға тап болмасын – мейлі ол ГЭС – тегі гидрогенераторлардың немесе шахталардағы бұрғылау машиналарының шуы болсын, электр мыс балқыту пешінен шыққан шу болсын немесе теңіз портындағы жүк кемелерінің ұзын жүктасығыштарының кедергілері болсын-М.Қажыкен әрқашан сайлаушыларға әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларды реформалау бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп отырды.

Ол ең төменгі жалақы есептеулерін, азық-түлік қоржынының құрамын қайта қарауды, зейнетақыны арттыруды, зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істейтін әйелдер мен жұмысшылардың зейнеткерлік жасын азайтуды ұсынады. Өз бағдарламасында кандидат әскери-өнеркәсіптік кешен құруды, атқарушы билікті реформалауды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жаңғыртуды, республикалық бюджеттің денсаулық сақтауға арналған қаражатын ұлғайтуды жақтайды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Бірақ Мейрам Қажыкен өзі үшін ең басты міндет азаматтық қоғамды дамыту болып табылады.

Бағдарламаның басты бағыты-адам, оның құқықтары мен мүдделеі.Қазақстанда жүзеге асыра алатын мүмкіндіктері мен қабілеттері. Ол үшін мемлекет қолайлы жағдай жасауы керек,- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, өнеркәсіптік, энергетикалық, мұнай және басқа да кәсіпорындардағы кездесулер кезінде қызметкерлер еңбек адамын бейнелейтін және қолдауды білдіретін мейрам Қажыкенге қорғаныс каскаларын табыстаған болатын.

Мейрам Қажыкенге каска тапсыру трендке айналды. Өткен айда елордалық штаб пошта арқылы құрылысшылардан, мұнайшылардан, кеншілер мен металлургтерден сенім каскаларын алды. Сәлемдемелер Қызылорда, Талдықорған, Петропавл, Қарағанды, Алматы, Маңғыстау облысы, Павлодар, Арқалық, Көкшетаудан келді. Жіберу сәтін жұмысшылар бейнеге түсіріп, әлеуметтік желілерде жариялады.

Кандидат 21 қазанда – үгіт-насихат басталып, сайлау штабтары ашылған күні кәсіподақ өкілдерінен алғашқы каскасын алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы