Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

14 Қараша 2022, 14:29
1280
Бөлісу:
Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Президенттікке кандидат Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі сайлауалды сапарлары жалғасуда. Бүгін кандидат Шымкент қаласындағы «АГФ Групп» атты тігін фабрикасының ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Кездесу барысында кандидаттың бағдарламасы таныстырылып, қоғамдағы өзекті мәселелер мен әлеуметтік сұрақтар талқыланды. Тігін фабрикасы ұжымының басым көпшілігі әйелдер қауымы болғандықтан, олардың тарапынан кандидат ұсынған әйел-аналарды, көп балалы отбасыларды қолдау мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге қатысты шараларға баса мән берілді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

 Отбасы мен аналардың әлеуметтік мәселелері – бұл ел экономикасының дамуын көрсететін бірден-бір көрсеткіш. Менің сайлауалды бағдарламамда бұл сұрақтарға көп көңіл бөлінген. Әрбір отбасы, әсіресе көп балалы отбасыныңрухани-өнегелік әлеуеті зор, сондықтан ол халықтың ғасырлар бойы жинақталған ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін маңызды ұғым болып табылады. Қазіргі кезде отбасы институтын жан-жақты нығайту, оның мәртебесін арттыру, көп балалы аналарға қолдау көрсету ерекше маңызды, - деді Қ.Әбден.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Сондай-ақ бүгінгі кездесуге ОБСЕ байқаушылар миссиясының өкілдері Кристофер Маккалоу мен Кристина Богданова қатысты. Олар үгіт-насихат науқанының барысымен, Қарақат Әбденнің сайлауалды штабтарының жұмысымен танысты.

Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Кандидат Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 8 облыста 30-дан астам кездесу өткізді. Алдағы уақытта ол Түркістан және Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен жүздеседі.

            Тұрсынбекова ана мен бала өлімі тақырыбын көтерді

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Салтанат Тұрсынбекова Қазақстандағы ана мен бала өлімі тақырыбына арналған жиын өткізді. Жиын Атырау қаласында ұйымдастырылды.

Ана мен бала өлімінің деңгейі – ел медицинасының дамуын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіштер мемлекеттегі өмір сүру деңгейі туралы да айтады, содан кейін ол халықаралық рейтингтерде де көрсетіледі. Қазақстанда бұл көрсеткіштер бұрыннан өсіп келе жатқанымен, соңғы уақытта асқан жылдамдықпен өсе бастады. Біз әрбір әйел мен сәби үшін күресуіміз керек, - деді Тұрсынбекова.

Кандидат ranking.kz деректеріне сілтеме жасай отырып, бірнеше цифрларды алға тартты.

Ұлттық жоспарға сәйкес, ана өлімі 2021 жылы 100 мың тірі туғанға шаққанда 35-тен төмен болып, 2025 жылға қарай 10-ға дейін төмендеуі керек. Ал, іс жүзінде 2021 жылы бұл көрсеткіш 44,7 болды. Атырау облысында ана өлімінің нақты көрсеткіші күтілгеннен үш есеге жоғары болды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Соңғы уақытта балалар өлімі бойынша нәтижелер де көңіл көншітпейді. Жыл соңына дейін Қазақстанда нәресте өлімі 1000 тірі туғанға шаққанда 7,6-ға дейін төмендеуі керек еді. Алайда, көрсеткіш керісінше республика бойынша орта есеппен 8,44-ке дейін өсті, - деді спикер.

Нәресте өлімінің жиі кездесетін себептері перинаталдық кезеңде туындайтын жағдайлар (932 нәресте), туа біткен ауытқулар жиі кездеседі (335 нәресте), сондай-ақ инфекциялық және паразиттік аурулардың да әсері болады (72 нәресте).

«Ана мен бала өлімінің алдын алуға баса назар аударылуда. Ол үшін қоғамдық ұйымдармен, ғалымдармен, сарапшылармен жаңа шешімдерді талқылау маңызды. Шалғай елді мекендерде еңбек ететін әйелдер үшін қолайлы жағдай жасайтын тиімді инфрақұрылымды құру қажет. Фельдшерлік-акушерлік пунктер мен дәрігерлік амбулаториялардағы медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесін шешу, осы салалардағы медициналық жоғары оқу орындарынан мамандарды көптеп шығару – бүгінгі күннің талабы. Мұндай профильдегі дәрігерлерді жақсы ынталандырып отыру керек», - деп атап өтті құқық қорғаушы.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Еске салайық, Салтанат Тұрсынбекованыңеліміздің батысында үгіт-насихат жұмыстарымен жүргеніне екінші күн болды. Кеше ол Yessenov университетінің оқытушыларымен, студенттерімен және түлектерімен, сондай-ақ жалғызбасты, әскерге шақырылғандардың аналарымен кездесулер өткізді.

           Нұрлан Әуесбаев Жанаөзендегі сайлаушылармен кездесті

2022 жылдың 14 қарашасында ҚР Президенттігіне Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Маңғыстау облысына сапармен келіп, Жанаөзен қаласындағы «Білім-Инновация» лицейі ғимаратында сайлаушылармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында кандидат жиналған қауымға өзінің сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндап берді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, мұнай-газ саласы ел бюджетінің басым бөлігін құрайды. Дегенмен аталмыш өңір инфрақұрылым жағынан артта қалған аймақтардың бірі болып саналады. Мұның бәрі теңгерімсіз өңірлік саясаттың салдары. ЖСДП-дан кандидат барлық деңгейлі, оның ішінде облыстық әкімдерді сайлауды енгізу арқылы бұл тығырықтан шығуға болады деп есептейді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Реформалардың бірі ретінде бюджеттік процедураларды жетілдіру ұсынылады. Әр елді мекенде өзіне тиесілі ашық бюджет жасақталып, нақты уақыт режимінде онлайн түрде мемлекет ақшасының қалай және қайда жұмсалып жатқандығы ашық көрсетіліп отырылуы тиіс.

Бұдан бөлек Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында қазақстандықтардың өмір сапасының Стандартын енгізу ұсынылады. Стандартта азаматтарымыздың сапалы тамақтануынан бастап, демалысына дейінгі барлық қажеттіліктері қарастырылуы қажет.

               Жигули Дайрабаев Маңғыстаудың өндіріс ошақтарын аралады

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Маңғыстау облысына келді. Ең алдымен кандидат Мұнайлы ауданында орналасқан «Сауқымбек» ұн тарту зауытының ұжымымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын іске қосылған өндіріс ошағы жоғары сұрыпты ұн өндіріп, 70-ке жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. 

Зауыт алдағы уақытта дайын өнімді экспорттауға ниетті. Алайда, кей кезде кәсіпорынға бидай жеткізкуде қиындықтар туындайды, вагондар тапшылығы байқалады. 

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

«Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астықпен қамтамасыз етуге, тіпті, дәнді дақылдарды шет елдерге экспорттауға мүмкіндік беруде. Дегенмен ел ішінде туындаған осындай проблемалар кәсіпкерлердің жұмысына кері әсер етуде. Менің әрдайым айтатыным, адал еңбек етіп, халықты сапалы әрі қолжетімді азық-түлікпен қаматамасыз ететін азаматтарымызға қолдау көрсетуіміз қажет. Қазақстанда тауарлар қорын құру стратегиясында азық-түлік нарығын дамыту және қауіп­сіздігін сақтау бәрінен бұрын им­портқа тәуелді емес, отандық өндіріс есебінен жүзеге асуы керек», – дейді Жигули Дайрабаев.

Ұн тарту зауытынан кейін кандидат мал бордақылау кешеніне барды. Қазіргі уақытта елімізде мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта жұмыс істейтін бұл кешен Ақтау қаласының тұрғындарын сапалы етпен қамтамасыз етуде. Алайда мұнда су мәселесі әлі шешілмей отыр, зауыт суды сатып алуға мәжбүр. 

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

«Cу мәселесі бүгінде әлемнің көптеген елдерін толғандырып отырғаны белгілі. Мамандардың болжамы бойынша, су мемлекетаралық, еларалық маңызды мәселе ретінде алдағы уақытта да өзінің өзектілігін жоймайды. Өйткені су – тіршілік көзі. Сондықтан бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуді қолға алғанда ғана нәтижелі жұмыс жүріп, өңірді сумен қамти аламыз», – деген пікірде кандидат. 

Сонымен қатар Жигули Дайрабаев Мұнайлы ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында жем-шөп дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды. Өткен жылмен салыстырғанда, биыл бұл бағыт оң нәтиже беріп отыр дейді шаруа иелері. Осы ретте кандидат, түйткілді мәселелердің алдын алу үшін тамшылатып суару әдісін дамыту қажет дейді. Ауыл шаруашылығы саласында заманауи технологиялар мен жабдықтарды қолдану өндіріс өнімділігін арттырмақ.

          Кандидат Мейрам Қажыкен Алматы қаласына барды

Онда ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараны кандидаттың Алматы қаласындағы штабы ұйымдастырды. Қатысушылар қатарында құқық қорғау органдары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің өкілдері, сенімді өкілдер мен қоғам қайраткерлері бар.

Тараптар сыбайлас жемқорлықтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы кері әсерін, осы құбылысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі шетелдік тәжірибені талқылады.

Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің (CPI) халықаралық рейтингінде Қазақстан төменгі қатарда тұр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша әлемнің 180 елінің арасында 102-ші орында болды.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Естеріңізге сала кетейік, өңірлердегі сайлаушылармен кездесулерде Мейрам Қажыкен атақ-даңқына, кім екеніне қарамай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті  қатаң жүргізуге ниетті екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Жиында кандидат парақорлықтың, пара берудің, лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін асыра пайдаланудың алдын алу бойынша мәселелер көтерілді. Үміткер нақты заңдар мен ережелер қуатты болмаса  құқықтық мемлекет құру мүмкін емес екенін айтты. 

Қатаң заңдар қажет. Және олар өз күшінде орындалуы керек. Сыбайлас жемқорлық әрекеттері- әр адамның сана сезіміне, мәдениетіне байланысты. Ал  оны  жеңу де дәл солай. тТек репрессия арқылы сыбайлас жемқорлықты жою мүмкін емес. Халыққа есеп беретін мықты  ашық азаматтық қоғам қажет. Яғни мықты азаматтық қоғам, тәуелсіз кәсіподақтар, кәсіпкерлер қауымдастығы және басқа да көптеген ұйымдардың күші бірігу керек. Сонда адамдар мемлекеттің келісімшарттарын, бюджетті, жер учаскелерін бөлу т.б. әрекеттерді бақылай алады, - деді М.Қажыкен.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Әңгіме барысында кандидат «өкінішке қарай, бізде азаматтық қоғам жоқ» деп қосты. Ол тығырықтан шығудың бір жолы ретінде: кәсіпкерлер үлесінің ұлғаюын және мемлекеттің экономикаға қатысын барынша азайту деп санайды. 

Мемлекет үлесін қалай қысқартуға болады? Мемлекеттік органдарды көптеген міндеттерден алшақтату қажет. Бизнестің өзі-ақ шешім қабылдай алады, - деп түсіндірді М.Қажыкен.

Қорытындылай келе, тараптар сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтардың алдын алуға нақты, нәтижелі бастамалар қажет деген ортақ пікірге келді. Яғни  сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар заңнама, сот және құқық қорғау жүйелері секілді үш негізгі бағытқа шоғырландырылуы тиіс.

Тоқаевтың жақтастары Атырау облысының тұрғындарымен кездесті

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республикалық қоғамдық штабының мүшелері Атырау облысының тұрғындарымен бірқатар кездесу өткізді.

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

РҚШ мүшелері «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының ұжымымен кездесіп, кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген елдің энергетикалық секторын дамыту жөніндегі шараларға назар аударды. 

Бүгін штаб мүшелері мұнай-газ, балық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен, Атырау облысының жұртшылығымен және жастармен кездеседі. Біздің міндетіміз –  әрбір қазақстандыққа алдағы сайлаудың маңыздылығын жеткізу. Баршаны 20 қарашада сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын өтеуге шақырамыз. Бұл – еліміздің ертеңі үшін өте маңызды таңдау, - деді Республикалық қоғамдық штаб мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Мұнай-газ саласының ардагерлерімен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары сайлауалды бағдарламаның кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсарту және жалақыны арттыруға қатысты тармақтарына тоқталды. 

Президент сайлауы. Бүгін үміткерлер қатысқан іс-шаралар

Бұдан соң балық өңдеу кәсіпорнының алаңында сала кәсіпкерлерімен бірлесіп, сайлауалды бағдарламада көрсетілген балық шаруашылығын дамыту және су нысандарының экожүйесін қорғау жөніндегі шаралар талқыланды.

Осы күні облыс жұртшылығымен кездесу өтті, оның барысында РҚШ мүшелері сайлауалды бағдарламаның өңірлердегі әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылымды дамытуға арналған бөліміне егжей-тегжейлі тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы