Президент сайлауы. Азаматтық альянс Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

5 Қазан 2022, 11:22
1473
Бөлісу:
Президент сайлауы. Азаматтық альянс Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды

«Қазақстанның азаматтық альянсы» бір ауыздан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Президенттігіне кандидатурасын қолдайтынын Альянс басшысы Бану Нұрғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауында қоғамдық ұйымдардың қызметін елдің тұрақты және жан-жақты ілгерілеуінің маңызды факторы деп атады. Сонымен қатар қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді реформаларды дайындау мен іске асыруға барынша кең және терең тартуға шақырды. Барлық ұлттық жобалар мен стратегиялық құжаттарды ашық талқылауды ұсынды, - деп атап өтті Альянстың басшысы.

Айтуынша, әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға қарамастан республикада саяси жаңғыру, экономиканы қайта құру, әлеуметтік саланы дамыту жоғары қарқынмен орын алуда. 

Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірінде айтарлықтай өзгерістер  болды. Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке келген алғашқы күннен бастап құрылымды сұхбатқа, билік пен халық арасында тиімді байланыс орнатуға бағытталған «Еститін мемлекет» тұжырымдамасын ұсына отырып, мемлекет пен қоғамның өзара әрекетінің жаңа форматын айқындады. Адамдар өзгеріске және ел Президентіне сенеді, - деді Бану Нұрғазиева. 

Альянстың өңірлердегі көшбасшылары да Мемлекет басшысының бастамалары мен реформалары ел азаматтары үшін қажет деп отыр. Өйткені халықтың қызығушылығын назарға алды деп есептейді. 

Өзгелердің жаңалығы