Президент сайлауы – 2019. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар таңдау жасаудан тыс қалмайды

26 Сәуір 2019, 13:21
2468
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2019. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар таңдау жасаудан тыс қалмайды

Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет елде қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық орнату міндетін мінсіз атқарып отыр. Демократиялық, зайырлы мемлекетімізде ешкімнің құқы шектелмейді. Мүмкіндігі шектеулі жандар қашанда қоғам өмірінен тыс қалған емес. Олар елдегі саяси науқан – Президент сайлауында да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасайды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігі жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өткен басқосуда айтылды.

Жиында Жамбыл облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов мүмкіндігі шектеулі жандарға Президент сайлауы кезінде өз мүмкіндіктері туралы толық түсіндіріп, барлық жағдай жасалатынын айтты.

«Облыстағы мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлауға қатысуын қамтамасыз ету мақсатында осындай іс-шара ұйымдастырып, оларды толғандырған бірқатар сұрақтарға жауап бердік. Жалпы елімізде тұратын әрбір азамат кәмелеттік жасқа толған, денсаулық жағдайы жақсы болса сайлауға қатысқаны дұрыс. Заңға сәйкес мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлауға қатыстыру мақсатында сайлау өткізілетін учаскелердің барлығында тиісті жағдай жасалынады», - дейді Серғали Өмірзақұлы.

Дауыс беруге келген мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін сайлау учаскесінде барлық қолайлы жағдай жасалуы тиіс. Учаскеде оларға сайлау комиссиясының мүшелері қызмет көрсететін болады.

Жалпы сайлау күні облыс бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсететін автокөліктер саны да айқындалған. Атап айтсақ, Тараз қаласы бойынша арнайы сегіз микроавтобус қызмет көрсетеді, ал аудандарда бұл қызметке арнайы көлік қарастырылған.

Кезектен тыс Президенттік сайлауда мүмкіндігі шектеулі азаматтардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында аудиоформаттағы әдістемелік құрал, нашар көретіндерге арналған арнайы үлкейткіштер және тағы басқа да қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.

Өзгелердің жаңалығы