Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент сайлауы – 2019. Елдос Сметов: Кемел елге тұлға керек

23 Сәуір 2019, 20:29
2427
Бөлісу:

Тараз, BAQ.KZ тілшісі. Дзюдо күресінен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Елдос Сметов Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінде қабылданған шешім туралы пікірін білдірді.

Спортшының айтуынша, елімізде орын алып жатқан саяси жағдай қай-қайсымызды болсын бей-жай қалдырмағаны жөн.

«Мемлекеттің, ұлттың дамуы, өркендеуі үшін биліктің ауысымы жылдамырақ орын алғаны құба-құп. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатып, тізгінді Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенін жұрт ұтымды шешім ретінде қабылдаған болатын. Енді міне, елімізде жаңа саяси науқанның да кезі келіп жетті. 9 маусымды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс Президент сайлауы өтетін күн ретінде белгілегелі ел: «Nur Otan» партиясы кандидат ретінде кімді ұсынар екен?» деп қобалжығаны жасырын емес. Біз де сол санатта болдық. Ол мәселенің де түйіні тарқатылғанын көзіміз көріп отыр», - деді Елдос Сметов.

Олимпиада ойындарының жүлдегері «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ сессиясында Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде билік партиясы Қасым-Жомарт Тоқаевты таңдағанын ұтымды шешім, дұрыс бетбұрыс деп бағалайды.


Өзгелердің жаңалығы