Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 55-бабына сәйкес «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі президенттікке кандидат ретінде Әміржан Сәғидрахманұлы Қосановтың құжаттарын ұсынды.
«Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі жоғары органының Қазақстан Республикасының Президенттікке кандидат ұсыну жөніндегі отырысының хаттамасынан үзінді; Әміржан Қосановтың президенттiкке кандидат болып дауысқа түсуге келiсiм бергені туралы өтiнiші; өмірбаяндық деректері; Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгiзгенiн куәландыратын құжат; жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; жоғарғы оқу орнындағы білімі туралы дипломдарының көшірмелері; мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын құжаттарды тапсырған.
Қосановатың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтайтын лингвистикалық комиссияның отырысы 2019 жылғы 29 сәуірге тағайындалды.
Бұған дейін 26 сәуір күні Алматыдағы “Қаз жол” қонақ үйінде “Ұлт тағдыры” Қозғалысы” ұлттық-патриоттық бірлестік” қоғамдық бірлестігінің құрылтайы Қазақстан президенттігіне Әміржан Қосановтың кандидатурасын ұсынғаны туралы хабарлағанбыз.