Президент сайлауы. 12 кандидат тіркелді

12 Қазан 2022, 09:53
1830
Бөлісу:
Президент сайлауы. 12 кандидат тіркелді

Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясы Президенттікке кандидаттарды  ұсыну туралы қорытынды отырыс барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстан Президентінің 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленген кезектен тыс сайлауына президенттікке кандидаттарды  ұсыну 23 қыркүйекте басталып, 11 қазан күні сағат 18:00 де аяқталды. Нәтижесінде еліміздегі түрлі қоғамдық бірлестіктер атынан 12 кандидат ұсынылды. Кандидаттарды тіркеу кезеңі 21 қазан 18:00 ге дейін жүргізіледі, - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерлан.

Естеріңізге сала кетейік, 2022жылдың 20 қараша күні Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауы өткізіледі. 
Кандидат Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының 59 бабы, 2 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады. Олар:
1.Қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан президенттікке кандидат ұсыну туралы үзінді.
2.Қоғамдық бірлестіктің әділет министірлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі қоса берілуге тиіс;
3.Президенттікке кандидат ретінде сайлауға түсуге келісім беру туралы өтініш; азаматтардың қолдарын тексеру нәтижесі туралы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары;
4.Кандидаттың өмірбаяны;
5.Кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны жөнінде мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат;
6.Денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды ұсынылуы керек. 
Және әрбір кандидат сайлау жарнасын төлеп, 118 273 қол жинау керек.

Өзгелердің жаңалығы