Мемлекет басшысы Республика күніне арналған мерекелік концертті тамашалады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған «Жаңа дәуір – жаңа белес» атты мерекелік концертке барды.
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры сахнасында елімізге танымал әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін Президент қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады. Сондай-ақ, болашаққа үлкен үмітпен, зор сеніммен қарайтын ұлт екенімізге тоқталды.
Мемлекет басшысы Қазақстанда жан басына шаққанда ішкі жалпы өнім көлемі 15 мың доллардан асқанын жеткізді.