Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінде бірқатар кадрлық өзгерістер жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының өкімдерімен Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Серік Жақсығалиұлы Борамбаев 1969 жылы 16 сәуірде Павлодар қаласында дүниеге келген.
Жалпы ақпарат, білімі:
1) 1986 ж. – Алматы қ., РОМИ.
2) 2009 ж. – Атырау Мемлекеттік университеті (сырттай)
әскери:
1) 1990 ж. – Киев жоғары саяси әскери-теңіз училищесі.
2) 2007 ж. – РФ ҚМ әскери университеті.
3) 2010 ж. – РФ ҚМ әскери университетінің Адъюнктурасы (сырттай)
4) 2015 ж. – Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстар
5) PhD докторы ғылыми атағы бар
Әскери шені: генерал-майор (2021)
Әскери шені: вице-адмирал (2025).
Мансабы:
1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін бітірген.
2016 жылы ІІ дәрежелі "Айбын" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.
Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.
1990-1992 жылдар аралығында Қызыл тулы Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызметін атқарды;
1992-2004 жылдар аралығында жергілікті әскери басқару органдарында әскери қызметін атқарды;
2004 жылдың ақпан айынан 2005 жылдың тамыз айына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары – ҚР ҚМ Әскери-теңіз институтының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2005 жылдың тамыз айынан 2007 жылдың маусым айына дейін РФ ҚМ әскери бөлімінің тыңдаушысы;
2007 жылдың маусымнан 2008 жылдың қаңтарға дейін "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының аға офицері»;
2008 жылдың қаңтарынан 2011 жылдың мамырына дейін институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, институт бастығының орынбасары – Әскери-теңіз институты штабының бастығы;
2011 жылдың мамыр айынан 2013 жылдың шілде айына дейін 29011 әскери бөлімінің командирі – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары;
2013 жылдың тамыз айынан 2014 жылдың қазан айына дейін ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы;
2014 жылдың қазан айынан бастап 2015 жылдың шілде айына дейін ҰҚУ жанындағы БШФ АК тыңдаушысы;
2015 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қазан аралығында Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстар бойынша) – ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының басқармасы тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы;
2016 жылдың қазанынан 2019 жылғы маусым аралығында ҚР ҚМ Ақпарат және коммуникация департаментінің бастығы;
2019 жылдың маусымы мен қараша айлары аралығында ҚР ҚК Бас штабының тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы.
2019 жылдың қарашасынан 2022 жылғы шілдеге дейін Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы;
2022 жылдың шілдесінен 2023 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.
2023 жылдың ақпаннан 2024 жылдың маусымға дейін Аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы - ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары.
2024 жылғы 25 маусымнан қазіргі уақытқа дейін Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып қызмет атқарды.
Сондай-ақ, Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды.
