Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент: Қазақстанның басты проблемасы – жоғары инфляция

8 Қыркүйек 2025, 11:48
548
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жоғары инфляцияны сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді. 

Бүгінгі ең негізгі проблема – жоғары инфляция. Ол экономикалық көрсеткіштер өсімі мен халықтың табысын «жеп» қояды. Аталған мәселені шешудің дайын ережесі жоқ. Онымен көптеген мемлекет бетпе-бет келеді және ол әмбебап. Бірақ біздің жағдайда бұл аса өткір сипатқа ие болып отыр. Осы макроэкономикалық шеңберден шығуымыз қажет, - деді Мемлекет басшысы. 

Айтуынша, бұл қиындықты жеңу үшін үздік әлемдік тәжірибені ескеру керек.

Бұл қиындықтар кеше ғана пайда болған жоқ, сол үшін оны жеңуге тиіспіз. Ол үшін Үкімет пен Ұлттық банк жағдайдың қиындығын ескере отырып, бірге әрекет етуі қажет. Қазір арқанды қатты тартумен айналысатын кез емес, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған Жолдауында жерді беру тәсілін өзгертуді тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы