Мемлекет басшысы Ақ үйге барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ президенті Дональд Трамппен кездесуі Астана уақыты бойынша сағат 04.00-де өтеді.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы америкалық сенатор Стив Дэйнсті қабылдады.
Президент сондай-ақ Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті.
Мемлекет басшысы АҚШ-қа сапары барысында The Washington Post және The New York Times секілді америкалық танымал басылымдарға сұхбат берді.