Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Қарағанды өңірінің бірқатар азаматын марапаттады

5 Қазан 2022, 11:51
1050
Бөлісу:

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Қарағанды өңірінің бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 4 қазандағы №1030 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін: 

«Құрмет» орденімен «Үстел теннисі бойынша олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы – оқытушысы Эльмира Қайырқызы Әлиева; 

«Құрмет» орденімен «Қарағанды облыстық клиникалық аурухана» КМК бөлімше меңгерушісі Евгений Семенович Морозов; 

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ цех бастығы Алексей Александрович Берг; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Арселор Миттал Теміртау» АҚ «Тентек» шахтасының учаске бастығы Артём Иренғайыпұлы Қасымов; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Talbesyk» көпбалалы аналар одағы» ҚБ басшысы Ләззат Таймырқызы Қожахметова; 

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Kazakhmys Coal» ЖШС «Горный» учаскесінің машинисі Александр Владимирович Комарда наградталды.

Өзгелердің жаңалығы