Президент озық ойлы кәсіпкерлердің жаңа буыны туралы айтты

3 Қаңтар 2025, 12:19
330
Бөлісу:
Президент озық ойлы кәсіпкерлердің жаңа буыны туралы айтты
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында озық ойлы кәсіпкерлердің жаңа буыны туралы айтты.

Қазақстанда өз жұмысына жаңа технологияларды енгізіп жүрген озық ойлы кәсіпкерлердің жаңа буыны пайда болды. Мұндай кәсіпкерлер әлемдік бәсекеге түсуге де қабілетті. Қазір шетелдік бизнестің Қазақстанда өз өкілдігін ашып жатқаны да көңіл қуантады. Бұл жағдай отандық нарыққа халықаралық сипат беруге, әділ бәсекені күшейтуге және экономиканы әртараптандыруға ықпал етеді. Осы орайда, Үкімет жанынан құрылған Инвестициялық штаб «бір терезе» қағидатына сай әрекет етіп, шешімдер қабылдап, өзіне жүктелген міндетті толық атқарып жатқанын атап өткен жөн, - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ана тілі" газетіне кең көлемді сұхбаты жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы