Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін тағайындады

7 Қараша 2024, 09:03
1004
Бөлісу:
 -архив
Фото: -архив

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:

Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды;

Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

Мемлекет Басшысының жарлықтарымен:

Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды;

Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Өзгелердің жаңалығы