Президент Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Алматыда Олжас Сүлейменовтің 90 жас мерейтойы аталып өтті.

 gov.kz Бүгiн 2026, 15:45
Бүгiн 2026, 15:45
100
Фото: gov.kz

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Дархан Сатыбалды Қазақстанның халық жазушысының шаңырағына барып, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып берді.

Сіз Қазақстанда ғана емес, халықаралық деңгейде де көрнекті ақын, терең ойлы қаламгер әрі беделді қоғам қайраткері ретінде сый-құрметке ие болдыңыз. Сіздің гуманистік идеяларыңыз ұлттық мәдениет пен қоғамдық-саяси ойдың асыл мұрасына айналып, әлемге кеңінен танылды. Бірегей шығармашылығыңыз арқылы қазақ халқының тарихи санасының жаңғыруына өлшеусіз үлес қостыңыз, — делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Алматы әкімі Олжас Сүлейменовке әдебиетті, қоғамдық ой мен ядролық қаруға қарсы қозғалысты дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс білдірді. Ол қаламгердің бастамасымен құрылған «Невада-Семей» қозғалысы ядролық сынақтарға қарсы күрестің символына айналып, Семей ядролық полигонының жабылуына маңызды рөл атқарғанын жеткізді.

Олжас Сүлейменовтің есімі тәуелсіз Қазақстан тарихына алтын әріппен жазылған. XX-XXI ғасырлардағы көрнекті ақын, заңғар жазушы өзінің әдеби мұрасымен ғана емес, белсенді қоғамдық-саяси қызметімен де әлемге кең танылды. Оның шығармалары көптеген тілге аударылып, көп таралыммен жарық көріп, оқырман қауымның зор сұранысына ие болып келеді.

Наверх