Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде өлім жазасын түпкілікті жою үшін Конституцияға өзгеріс енгізу керегін айтты.
Менің азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға ерекше назар аударатынымды білесіздер. 2020 жылы біздің еліміз өлім жазасының күшін жоюды көздейтін азаматтық-саяси құқықтар туралы екінші факультативті хаттамаға қосылды, - деп айтты Мемлекет басшысы.
Тоқаевтың сөзінше, былтыр Президент осы саланы ұзақ мерзімді және кешенді дамытуға бағытталған Адам құқықтары саласындағы әрі қарайғы шаралар туралы Жарлыққа қол қойды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің қатысуымен басқа да бірқатар прогрессивті бастама іске асырылды. Алайда, құқық қорғау проблематикасы үнемі жетілдіруді талап етеді. Өлім жазасын жою туралы шешімді түпкілікті бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу керек деп санаймын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.