Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

11 Қазан 2025, 14:05
1648
Бөлісу:
 Ақорда
PHOTO
Фото: Ақорда

Аумағы 3,8 гектар болатын нысандағы жұмыстың бірінші кезеңі аяқталған. Мұнда жаяу жүргіншілерге және велосипедшілерге арналған жолдар, сәулеттік қалыптар және жасанды тоғандар бар, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

Мемлекет басшысына Астана қаласындағы абаттандыру жұмыстары жайында мәлімет берілді.

Жеңіс Қасымбек елордада қазір 170 қоғамдық кеңістік пен ауланы абаттандыру бойынша кешенді бағдарлама іске асырылып жатқанын айтты.

Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

Бұл жұмыстар Ботаникалық бақта, Триатлон паркінде, Ататүрік, Бейбітшілік және келісім, Президент саябақтары мен қаланың негізгі көшелерінде жүргізіліп жатыр.

Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

Сонымен қатар «Мыңжылдық» аллеясын абаттандырудың тұжырымдамасы жасалды. Есіл өзенінің жағалауын реконструкциялау шаралары аяқталуға жақын.

Президент "Нұра" ауданындағы Greenline бульварын аралап көрді

Мемлекет басшысы қала инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғындарға заманауи әрі қолайлы, экологиялық тұрғыдан таза орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру жөнінде тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы